KZ
2 шілде 2025, 17:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.01.2020 12:32 #KASE Индексі

ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ 04 АҚПАННАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 10.01.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (бұдан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE Индексін есептеу үшін келесі тоқсанға акциялардың өкілеттік тізімі (әрі қарай – Тізім) анықталды.

Атамыш шешімге сәйкес 2020 жылдың 04 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі өзгеріссіз қалады.

Осылайша, 2020 жылдың 04 ақпанынан бастап KASE Индексін мәнін есептеу үшін келесі параметрлер қолданылады:

-------------------------------------------------------------------------------------
# р/с Акцияның ҰСН немесе ISIN Эмитент                             Fi        Ri Үлесі
        коды                                                                         
----- -------- --------------- --------------------------------- ---- --------- -----
  1   CCBN     KZ0007786572    "Банк ЦентрКредит" АҚ             41,7 1,0000000   4,1
  2   GB_KZMS  GB00B0HZPV38    KAZ Minerals PLC                  61,3 0,0753004  15,0
  3   HSBK     KZ000A0LE0S4    "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ  35,5 0,1042769  15,0
  4   KCEL     KZ1C00000876    "Кселл" АҚ                        25,0 0,5028989  15,0
  5   KEGC     KZ1C00000959    "KEGOC" АҚ                        10,0 1,0000000  10,7
  6   KZAP     KZ1C00001619    "Қазатомөнеркәсіп"                18,7 0,2333273  15,0
                               ҰАК" АҚ                                               
  7   KZTK     KZ0009093241    "Қазақтелеком" АҚ                 23,0 0,8862203  15,0
  8   KZTO     KZ1C00000744    "ҚазТрансОйл" АҚ                  10,0 1,0000000  10,2
-------------------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ҰСН немесе ISIN – ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 09.01.20 жағдай бойынша еркін айналыстағы акциялардың санының, 09.01.20 KASE сауда-саттық жүйесінде тіркелген соңғы мәміленің бағасының және, әр атаудағы акцияның индекстің мәніне ықпалының үлесін шектейтін, Ri коэффициентіне көбейтіндісі ретінде алынған, параметр. Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі өз күшіне енгеннен кейін, яғни, 04.02.20 дейін, Fi мәні өзгеше болады, себебі Ri коэффициенттері акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициенті – есептелу тәртібі Әдістемемен реттелетін, индекстің мәніне әр акцияның ықпал ету үлесін 0,15 (15 %) дейін шектейтін, параметр.

Үлес – қандай да бір атаудағы акцияның жиынтық сомасының, KASE Индексін есептеу үшін арналған өкілетті тізімде тұрған, барлық атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық сомасындағы үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – толығырақ

[2020-01-10]