"ForteBank" АҚ 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарылған облигацияларын мерзімінен бұрын өтеуді жоспарлауда

30.12.19 12:41
/KASE, 20.12.19/ – Бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... «ForteBank» АҚ Банк пен BNY Corporate Trust Services Limited (бұдан әрі – Сенімді басқарушы) арасында бекітілген Сенімді басқару туралы 2014 жылғы 15 желтоқсандағы шартқа (бұдан әрі – Сенімді басқару туралы шарт) сәйкес «ForteBank» АҚ (бұрынғы – «Альянс Банк» АҚ) 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарған, 11,75 процент табысымен, өтеу мерзімі 2024 жылға дейінгі облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу құқығын қолданатындығы туралы хабарлайды. Банк Сенімді басқару туралы шартқа 4-қосымшаның 8-тармағының (с) тармақшасына сәйкес Банк опционы бойынша 108%-пен облигацияларды толық өтеу құқығын қолданады (Мерзімінен Бұрын Өтеу Сомасы). Бұл ретте Мерзімінен Бұрын Өтеу Сомасы Облигациялар бойынша ағымдағы негізгі борыштың әрбір 1,00 АҚШ долларына 1,08 АҚШ долларын құрайды. ... KASE интернет-сайтындағы толық ақпарат – http://kase.kz/ru/issuers/ASBN/y2019g7 [2019-12-30]