27 желтоқсаннан бастап KASE кейбір бағалы қағаздар бойынша лот көлемін өзгертті

27.12.19 12:22
/KASE, 27.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен келесі бағалы қағаздар бойынша лот көлемі өзгертілді: - Банк ВТБ (БАҚ) RU000A0JP5V6 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, RU_VTBR) – жай акцияларына бір акцияға 100 акция; - "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "Fixed Income" АҚ KZPF00000082 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, ASYL_or) үлес пұлдарына – бір үлес пұлдан үлеспұлдың жүзден бір бөлігі. Осы шешіммен KASE басқармасы 27 желтоқсаннан бастап "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқармасындағы "Еурооблигациялар қоры" ЖЗИҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) үлес пұлдары бойынша өтінімде лоттардың ең төменгі саны бір үлес пұл көлемінде белгіленді. ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесіндегі сауда-саттық регламентінің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-12-27]