26 желтоқсаннан бастап "CHINATOWN" АҚ KZ1C00000629 (CAHO) жай акциялары Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді

26.12.19 17:26
/KASE, 26.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 26 желтоқсанынан бастап "CHINATOWN" АҚ (Алматы) KZ1C00000629 жай акциялары Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді. Аталмыш акциялардың, қазақстандық теңгемен көрсетілген, KASE сауда- саттық жүйесінде баға белгілеуінің дәлдігі, акция бағасының үтірден кейін екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Осы акцияларға CAHO қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. [2019-12-26]