ЕБРР ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА XS2093223076 (EBRDK191226) ЖЕТІ ЖЫЛДЫҚ ЖӘНЕ XS2093242530 (EBRDK191227) СЕГІЗ ЖЫЛДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРЫП, 116,0 МЛРД ТЕҢГЕ ТАРТТЫ

19.12.19 19:37
/KASE, 19.07.19/ – Бұрын хабарлағандай. Бүгін 2019 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан қор биржасында (KASE) "Жазылым" сауда- саттық жүйесінде еуропа даму және қайта құру банкінің халықаралық облигацияларын алғашқы орналастыру жүргізілді: - XS2093223076 (EBRDK191226, 1 теңге, 58,0 млрд теңге, 19.12.19 – 19.12.26, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон: инфляция+маржа, actual/360) - XS2093242530 (EBRDK191227, 1 тенге, 58,0 млрд тенге, 19.12.19 – 19.12.27, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон: инфляция+маржа, actual/360). Жазылым жүргізу кезінде аталмыш облигациялардың Сатушысы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) қатысты. Әрбір шығарылымның номиналдық құны – 58,0 млрд теңгеге дейін (58 000 000 000 дана, номиналдвқ құны 1 теңге). Құны ретінде өтінімде жартыжылдық купонға тіркелген маржа мәні облигацияның номиналдық құнынан еінші ондық мәніне дейін дәлдікпен, пайызбен көрсетілді. Нарықтық өтінім жағдайында бағасы ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетілді. Жартыжылдық купон мөлшерлемесі Қазақстандағы инфляция деңгейңіне байланысты болады. Сатып алушылар үшін облигацияларға шектеулер берілген өтінімдерде жазылым өткізу шарттары анықталған жоқ. Орналастыруға екі KASE мүшесі қатысты. Барлығы сауда-саттық жүйесінде XS2093223076 (EBRDK191226) жеті жылдық облигацияларды сатып алуға номиналдық құны 58,0 млрд теңге және XS2093242530 (EBRDK191227) сегіз жылдық облигацияларды сатып алуға номиналдық құны 30 шектеулі өтінімдер берілді, өтінімдерді жинақтауды аяқтау кезінде белсенді деп танылды. Жартыжылдық купонға маржа мөлшерлемесі барлық берілген өтінімдерде 0,75 % құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша барлық жиынтық көлемін 116,0 млрд теңгеге орналастырып, эмитент барлық белсенді өтінімдерді қанағаттандырды. Жартыжылдық купонға маржа мөлшерлемесі әрбір шығарылым бойынша 0,75 % деңгейінде анықталды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) жазылым нәтижесі бойынша аталмыш облигацияларға барлық мәмілелерді есептеді, жазылым аяқталды. [2019-12-20]