KASE Басқармасы Еуропа қайта құру және даму банкі жоспарланған халықаралық XS2093223076 және XS2093242530 облигациялары шығарылымына KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілуіне келісім берді
13.12.19 16:09
/KASE, 13.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2019 жылдың 13 желтоқсанындағы шешімімен Еуропа қайта құру және даму
банкі XS2093223076 және XS2093242530 халықаралық облигациялары
шығарылымы KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздар" санатына енгізілді.
Аталмыш облигацияларды енгізу бастамашысы "Tengri Partners Investment
Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталмыш шешім "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5
қосымшасының 2 тарауы 2 тармағы 1) тармақшасы шарттарын
орындағаннан кейін күшіне енеді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында KASE Басқармасының аталмыш шешімі күшіне енген соң
жарияланады.
[2019-12-13]