KZ
16 шілде 2025, 05:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.12.2019 15:59 #Қаржы құралдары

09 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының теңгеге бағамына (F_USDKZT191218) апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды

/KASE, 09.12.19/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2019 жылдың 09 желтоқсанынан бастап орындалуы 2019 жылдың 18 желтоқсанында АҚШ долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды.

KASE сауда жүйесінде аталған апталық айлық келісімшартқа қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) F_USDKZT191218 берілген.

Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге алғашқы теориялық бағасы бір АҚШ долларына 386,45 теңге деп белгіленіп, KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған.

Апталық фьючерспен соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 13 желтоқсаны болып табылады.

Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі

Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығына KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланды.

Биржадағы фьючерстер сауда-саттықтарының нәтижелері толығырақ мекен-жайында жарияланады.

KASE деривативтер нарығының қызметін реттейтін, биржаның ішкі құжаттарының мәтіндері толығырақ мекен-жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан.

[2019-12-09]