"Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің уақытша төрағасы болып Нил Лонгфеллоу сайланды

09.12.19 12:39
/KASE, 09.12.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Нұр- Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 06 желтоқсанында баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "Казатомпром" ("Казатомпром" немесе "Компания") "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2015 жылдан бастап тәуелсіз мүше, ал 2018 жылғы тамыздан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы («Кеңес») болған Джон Дудастың өз қызметінен кететінін хабарлайды. Дудас мырзаға Қазатомөнеркәсіптің мажоритарлық акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Директорлар кеңесінен қызмет ұсынылды. Бұл ұсынысты қабылдауына байланысты ол 2019 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінен кетеді. Қазатомөнеркәсіптің Кеңесі мен басшылығы Дудас мырзаға оның компанияға шынайы берілгендігі, көшбасшылық танытқаны, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің дамуына қосқан соңғы төрт жылдағы елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді. Компания сондай-ақ Дудас мырзаны құттықтап, оған «Самұрық-Қазына» АҚ-дағы жаңа орнында одан әрі табыстар тілейді, онда ол барлық мүдделі тараптар үшін құндылықтар құруда өз тәжірибесін одан әрі қолдана алады, және бұл тұтастай алғанда Қазақстанға пайда әкеледі. ... Толық ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_reliz_061219_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-12-09]