06 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақстан даму Банкі" АҚ KZ2C00006286 (BRKZb17) облигацияларының сауда-саттықтары ашылады

05.12.19, 16:18
/KASE, 05.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 28 қарашасынан бастап "Қазақстан даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006286 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb17; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 07.10.19 – 07.10.39; жартыжылдық купон, жылдық 0,15 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылады. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеулерінің дәлдігі, баға белгілеу валютасымен пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген, – қазақстандық теңге. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb17/ мекен-жайы бойынша жарияланған. [2019-12-05]