KZ
3 шілде 2025, 10:30
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.12.2019 15:16 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырының 1235 шқ қабылдау-тапсыру пунктінің мұнай сапасының көлемі мен көрсеткіштерін өлшеу жүйесін пайдалануға бергені туралы хабарлайды

/KASE, 03.12.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 03 желтоқсанында баспасөз хабарламасын ұсынды:

цитата басы

2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанның аумағында орналасқан «Өзен-Атырау-Самара» мұнайқұбырының 1235 шқ қабылдау-тапсыру пунктінің (ҚТП) мұнай сапасының көлемі мен көрсеткіштерін өлшеу жүйесі (МПККӨ) бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» магистральді мұнайқұбыры арқылы экспортқа тасымалданатын қазақстандық мұнайдың коммерциялық есебі басталды. Осыған дейін есептік операциялар «Транснефть» ЖАҚ тиесілі «Самара» ҚТП (РФ) орналасқан МПККӨ арқылы жүргізілді. Осы арқылы екі мұнай көлігі компаниялары совет үкіме кезеңінен келе жатқан күрделі мәселені шешті.

Экспортқа тасымалданатын қазақстандық мұнайдың коммерциялық есебін жүргізетін құралдың елімізден тыс орналасуы қазақстандық кеден органдарының жұмыстарын біршама қиындатты. ҚР Кедендік реттеу туралы Кодексіне сай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде жөнелтуші ел есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалануы тиіс. Қазақстан аумағында МПККӨ құрылысы мен іске қосуының арқасында тасымалданатын қазақстандық мұнайдың кедендік бақылауы қамтамасыз етілді, соған қоса ҚР/РФ шекарасның аумағынан «Самара» ҚТП дейін «Транснефть» ЖАҚ магистральды мұнай құбыры жүйесінде орын алуы мүмкін шығындарды жоюға мүмкіндік берді.

«Қазақстан аумағында «Өзен – Атырау – Самара» мұнайқұбырының 1235 шқ ҚТП МПККӨ құрылысы мен іске қосылуы «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ бұрынан жалғасып келе жатқан берік серіктестіктің арқасында, сондай-ақ қазақстанды және ресейлік кеден қызметтерінің белсенді әрекеттерінің нәтмижесінде қол жеткізілді. ҚТП «адамсыз технология» бойынша жоспарланып, жүзеге асты. ҚТП құрал-жабдықтары 85 шқ қашықтықта орналасқан «Үлкен Шаған» мұнай айдау станциясынан динстанциялық түрде бақыланып, басқарылады», - деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ Димаш Досанов.

цитата соңы

[2019-12-03]