Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жалғыз акционері артықшылықты сатып алу құқығын іске асыру арқылы қоғамның 557 760 жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады
/KASE, 22.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (Нұр-Сұлтан) жалғыз акционерінің 2019 жылдың 20 қарашасында қабылдаған шешімдері туралы Биржаға хабарлады:
- қоғамның жарияланған жай акцияларының саны 557 760 данаға ұлғайды;
- 557 760 дана қоғамның жай акциялары бір акцияға орналастыру бағасы 10 000 теңгеден бағдарламалық қамтамасыз ету және есепке алу құралдарын сатып алу үшін орналастырылсын;
- "КазТрансГаз" АҚ артықшылықты сатып алу құқығымен белгіленген тәртіпке сәйкес 557 760 жай акцияны бір акцияға орналастыру бағасы 10 000 теңгеден ақшалай төлеу арқылы 5 577 600 000 теңге көлемінде орналастырылсын.
Толық ақпарат – толығырақ
[2019-11-22]