"КазТрансОйл" АҚ халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings «ҚазТрансОйл» АҚ эмитенттінің ұзақмерзімді дефолт рейтингісін шетелдік валютада «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде растағаны туралы хабарлайды

20.11.19, 10:12
/KASE, 20.11.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 19 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2019 жылғы 15 қарашада халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – ҚазТрансОйл немесе Компания) эмитенттінің ұзақмерзімді дефолт рейтингісін шетелдік валютада «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде растады. Fitch атап өткендей, ҚазТрансОйл рейтингтері оның мықты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді. ҚазТрансОйл ел экономикасы үшін маңызды болып табылатын Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау секторында басым позициясын сақтайды. ҚазТрансОйл дивидендтер арқылы ҚазТрансОйлдың бос ақша ағынынан айтарлықтай пайда алатын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-пен тығыз операциялық және стратегиялық байланыста. Сонымен қатар, Компания мұнай бағасының өзгерісіне тікелей бейімделген, бұл оның бизнес бағыты үшін қолайлы фактор болып табылады. Fitch пікірі бойынша Қазақстан арқылы Қытай мен Өзбекстанға Ресей мұнайының транзиті туралы ресейлік компаниялармен жасалған келісімдер де ҚазТрансОйлға оң әсер етеді. «Роснефть» ҰК» ЖАҚ Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау көлемін 2017 жылы 7 миллион тоннадан 2018 жылы 10 миллион тоннаға дейін арттырды. Сонымен қатар, Fitch сарапшылары ҚазТрансОйлдың экспорттық тарифтерді көтеру қабілеттілігіне баса назар аударады, ол Компанияның кредит қабілеттілігінің қолайлы факторы болып табылады. Тарифтердің ұқсас өзгерісі (10%-ке арттыру) 2018 жылдың 1 сәуірінде бекітілді. Fitch ҚазТрансОйлдың жеке операциялық профилін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен реттеуші орта ұстап тұрған «bbb» рейтинг санатына сәйкес келеді деп бағалайды. цитата соңы [2019-11-20]