/KASE, 14.11.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 12 қарашасындағы
шешімімен "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) облигациялары
KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты
бойынша ресми тізіміне енгізілді.
- KZ2C00006328 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 24 ай, жылдық купон;
жылдық 8,50 %; 30/360);
- KZ2C00006336 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 36 ай, жылдық купон;
жылдық 8,50 % годовых; 30/360).
Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 14 қарашасынан бастап,
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына
байланысты, өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы
туралы қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында жуырдағы уақытта
http://kase.kz/ru/issuers/BASP/ мекен-жайында
жарияланады.
[2019-11-14]