"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі 2020 жылы биометрияны енгізуді жоспарлап отыр

12.11.19 17:15
/KASE, 12.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 12 қарашасында баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы Соңғы жылдары әлемде адамдардың өмір салтын едәуір өзгерткен технологиялар мен қызмет категориялары пайда болды. Енгізілетін технологиялардың міндеті – қандай да бір әрекетке не операцияға кететін уақыт және қаржы шығындарын қысқарту арқылы адамдардың өмірін айтарлықтай жеңілдету. Мұндай революциялық технологиялардың бірі биометрия, ол алаяқтардан қорғанудың ең жетілдірілген деңгейі. Біздің әрқайсысымыздың тек өзімізге тән туа бітті белгілелері бар: көздің нұрлы қабығының түсі мен сүреті, саусақ іздері, адамның бет-әлпеті мен дауысы. Қорғау жүйесі нақ осы деректерді ерекше цифрлық кодқа айналдырылады, оны қолдан жасау мүмкін емес. Сбербанк Қазақстан киберқауіпсіздікке үлкен көңіл бөледі және өз клиенттерінің қамы үшін олардың банктік шоттарына сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Банкте осыған дейін «BI.ZONE» платформасы енгізілген болатын, ол клиенттердің интернеттегі қаржылай транзакцияларын алаяқтық әрекеттерге тексеретін. Клиенттерді қорғаудың келесі кезеңі – биометрияны енгізу. Сбербанк Қазақстан мұны өз сервисіне келесі жылы қосуды жоспарлап отыр. «Биометрия – бұл көптеген фантазия жазушылары армандаған технология: сіз сканердің алдына келіп тұрасыз, жүйе сізді таниды және рұқсат береді немесе қажетті қызметті ұсынады. Мұндай құрылғылар да, олардың түрлі биометриялық деректерді сканерлеу, сақтау және оқу қабілеті де қалыпты жағдайға айналатын болады. Елдің ең инновациялық банктерінің бірі ретінде, бұл алдыңғы қатарлы технологияны клиенттерімізге келесі жылдың сәуірінен бастап ұсынбақпыз», - деп баяндады «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқармасы Төрағасының Бірінші орынбасары Ельдар Тенизбаев. цитата соңы [2019-11-12]