"КазТрансОйл" АҚ «Транснефть» ЖАҚ-пен 14 қазақстандық мұнай компанияларына жарамсыз мұнай үшін өтемақы төлеу келісіміне қол қойғаны туралы хабарлайды

11.11.19, 16:56
/KASE, 11.11.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 22 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Дружба» магистральдық мұнай құбыры жүйесіндегі 38 қазақстандық мұнай компаниясының 699 мың тоннаға жуық мұнайының ластану оқиғасын реттеу аясында, «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы ретінде осы компаниялардың атынан әрекет етеді және «Транснефть» ЖАҚ-пен әрі «Транснефть - Дружба» АҚ-пен келісімге қол қою бойынша жұмыстарды жүргізуде. «Қазіргі уақытта 14 қазақстандық мұнай компанияларына өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қойылды. Қалған қазақстандық мұнай компанияларының пайдасына осындай келісімдерді жасау олардың дайын болуына қарай жүзеге асыру жоспарлануда», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов. цитата соңы [2019-11-11]