"КазТрансГаз Аймак" АҚ 7,7 млрд теңгеге несие жапқаны туралы хабарлады

05.11.19 11:37
/KASE, 05.11.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 05 қарашасындағы төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "КазТрансГаз" Еншілес кәсіпорны АҚ – "КазТрансГаз Аймак" АҚ (әрі қарай – Қоғам) Еуразиялық даму банкінен 2016 жылдың 01 қарашасында алған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11%, сомасы 7,7 млрд. теңге міндеттемені толық төледі. Қарыз бойынша алған қаражат есебінен Қоғам Ақтөбе облысын газдандыру, жаңғырту және қайта құру бойынша жобаны жүзеге асырды. Несиені толық жоспарлы өтеу Қоғамның жеке қаражаты есебінен орындалды. Қарызды компанияның уақтылы өтеуі компанияның қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ қарыз саясатын және қарызды өтеуді тиімді жүргізетіндігін білдіреді. Қоғамға "Fitch Ratings" халықаралық рейтингі агенттігі ұзақ мерзімді рейтингін "BBB-" деңгейінде ұсынды, болжам "Тұрақты". ... [2019-11-05]