KZ
6 шілде 2025, 02:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.10.2019 18:35 #KASE Индексі

2019 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 31.10.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2019 жылдың 31 қазанындағы шешімімен 2019 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 2019 жылдың 01 қарашасынан бастап қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------------------------
              2019 жылдың 01 қарашасынан бастап      2019 жылдың 01 қарашасына дейін  
         --------------- ------- -------------- --------------- ------- --------------
Акциялар орналастырылған    free шектеулі коэф- орналастырылған    free шектеулі коэф-
 коды      акциялар саны   float   фициент (Ri)   акциялар саны   float  фициент (Ri))
                         (Fi), %                                (Fi), %               
-------- --------------- ------- -------------- --------------- ------- --------------
CCBN         165 637 911    41,7      1,0000000     165 637 911    41,7      1,0000000
GB_KZMS      480 723 977    61,3      0,0883976     480 723 977    55,6      0,0320845
HSBK      11 754 049 397    35,5      0,1106372  11 754 049 397    25,5      0,0599880
KCEL         200 000 000    25,0      0,5396948     200 000 000    20,0      0,3109220
KEGC         259 998 610    10,0      1,0000000     259 998 610    10,0      0,5866033
KZTK          10 706 024    23,0      0,9650749      10 706 024    23,0      0,3947221
KZTO         384 628 099    10,0      1,0000000     384 628 099    10,0      0,5903420
--------------------------------------------------------------------------------------
                      KASE Индексі өкілеттік тізіміне енгізілді                       
--------------------------------------------------------------------------------------
KZAP         259 356 608    18,7      0,2257234               -      -        -
--------------------------------------------------------------------------------------
Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 
аталмыш шешімімен 2019 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE Индексін 
есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 1,9608292 
қолданылады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: ABBN – "Астана Банкі"; CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2019-10-31]