"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
24.10.19 12:16
/KASE, 24.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ ("Проблемалық кредиттер
қоры" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C58780012 жай акцияларының жалпы саны 60 677 925
дана, KZ1P58780118 артықшылықты акциялар саны – 125 000 дана;
- компанияның 60 539 600 жай акциялары және 62 093 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекемесі болып
табылады.
[2019-10-24]