"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.10.19 16:57
/KASE, 18.10.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000
дана;
- банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 2 893 522 817 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде
80 629 447 285 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
90,10% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,27%) бар.
[2019-10-18]