"Қазақтелеком" АҚ және "Қазақстан Даму банкі" АҚ мемлекеттік-жеке серіктестік жобасы бойынша несие желісін ашу туралы келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

18.10.19 16:31
/KASE, 18.10.2019/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 18 қазанында төмендегі туралы хабарлады: цитата басы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) және «Қазақтелеком» АҚ шалғайдағы ауылдарда интернетке кең жолақты қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жобаны қаржыландыру үшін кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Банк 13 жылға дейінге мерзімге 26,7 млрд теңге мөлшерінде қарыз береді, «Қазақтелеком» өз тарапынан жобаның бастамашысы ретінде 31,1 млрд теңге мөлшеріндегі өз қаражатымен іске қосылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толы нұсқасымен KASE интернет-сайтында– http://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_181019_1.pdf танысуға болады. [2019-10-18]