"КазТрансОйл" АҚ "Астрахань-Маңғышлақ" магистральдық суағызғысы объектілерінің құрылысы мен қайта құру жұмыстарының барысы туралы хабарлайды

15.10.19 15:11
/KASE, 15.10.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 15 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысы объектілерінің құрылысы мен қайта құру жұмыстарының барысы туралы хабарлайды. «ҚазТрансОйл» компаниялар тобы 2017 жылғы 29 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Теңізшевройл» ЖШС арасында жасалған «Құлсары-Теңіз» суағызғысын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім аясында «Құлсары-Теңіз» суағызғысы құрылысының бірінші кезегі аяқталды деп хабарлайды. Қазіргі уақытта суағызғының желілік бөлігінде құрылыс- монтаждық жұмыстар аяқталды, гидравликалық сынақтар жүргізілді. Жыл аяғына дейін жобаның екінші кезектегі жұмыстарын аяқтау жоспарланған, оған резервуарлық паркі, инженерлік жүйелері мен құрылыстары бар су сорғы станциясын салу кіреді. Ұзындығы 104,2 км және өткізу қабілеті тәулігіне 13 200 текше метр болатын жаңа суағызғы «Теңізшевройл» ЖШС-ның өндірістік және техникалық қажеттіліктері үшін технологиялық суды жеткізуге арналған. Нәтижесінде «Теңізшевройл» ЖШС өндірісін кеңейту үшін қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етіледі. Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаражатының есебінен қаржыландырылады. цитата соңы [2019-10-15]