Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 14.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C47810011 жай акцияларының жалпы саны 2 119 519 дана;
- банктің 2 107 570 жай акциялары орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады, оның меншігінде 2 107 570 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00%) бар.
[2019-10-14]