04 қазаннан бастап "Қазақстан Даму банкі" АҚ KZ2C00006286 (BRKZb17) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 04.10.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 04 қазанындағы шешімімен "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006153 облигацияларының KZ2C00006286 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 20 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 0,15 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 04 қазанынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигацияларға BRKZb17 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары) берілді.
Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта толығырақ мекен-жайында жарияланады.
[2019-10-04]