KZ
3 шілде 2025, 13:54
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.09.2019 11:17 #Корпоративтік уақиғалар

11 қыркүйекте KASE БАҚ үшін биржалық нарықтың 2019 жылдың тамыз айындағы жұмыс қорытындылары бойынша медиа-брифинг өткізеді

/KASE, 10.09.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2019 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 11:00 бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) үшін нарықтың 2019 жылдың тамыз айындағы жұмыс қорытындылары бойынша медиа-брифинг өткізетіні туралы хабарлайды. Брифингте қазақстандық биржалық нарықтың 2019 жылдың тамыз айындағы жұмысы туралы статистикалық ақпараттар ұсынылады.

Іс-шараның спикері – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Аталмыш іс-шараның өтетін жері: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE пресс-румы.

Ай сайынғы медиа-брифингтерді Биржа 2017 жылдың мамыр айынан бастап өткізе бастады, оның мақсаты биржалық нарықтағы трендтер мен KASE қызметі туралы көкейкесті ақпараттарды мақсатты аудиторияға жедел жеткізіп отыру, сондай-ақ Биржа мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара серіктестік қарым-қатынастарды құру болып табылады.

[2019-09-10]