Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ForteBank" АҚ 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша жахандық депозитарлық жазылымды ескере отырып, акциялар және ірі акционердің үлесі туралы мәлімет ұсынды
/KASE, 26.08.19/ – "ForteBank" АҚ (Алматы, әрі қарай цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады:
цитата басы
Банктің ірі акционері Өтемұратов Болат Жамитұлы 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша Банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,27% (80 629 447 285 дана) ие болады: 79,79% жай акциялары (73 714 243 282 дана) банктің жай акциялары ретінде берілген 7,49% (6 915 204 003 дана) банктің жахандық депозитарлық жазылымдарының базалық активтері болып танылады.
Банктің сатып алынған акциялары бойынша 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша жахандық депозитарлық жазылым саны 2 893 522 817 дана, ол орналастырылған акциялардың жалпы санынан 3,13 % данасын құрайды.
цитата соңы
[2019-08-26]