/KASE, 26.08.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына
(KASE), 2019 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 10:00 акционерлердің сырттай
дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы өткізетіні туралы
хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:
- жиналыстың күн тәртібін бекіту;
- компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында –
http://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_special_shareholders_meeting_info_250919_265.pdf
мекен-жайында жарияланған.
[2019-08-26]