KZ
4 шілде 2025, 07:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.08.2019 14:27 #Корпоративтік уақиғалар

KASE 2019 жылдың шілде айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді

/KASE, 12.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) бүгін 2019 жылдың шілде айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған статистикалық ақпарат ұсынылған, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді.

Ағымдағы кезеңде сауда-саттықтың жиынтық көлемі 9 693,5 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айға қарағанда 2,5 % немесе 239,9 млрд теңгеге өсті.

Қаржы нарығы оң динамиканы қамтамасыз етті, бағалы қағаздар нарығы - (+18,3 % немесе +111,4 млрд теңге) шет елдік валюталар нарығы – (+8 % или +586,3 млрд теңге) құрады.шет елдік валюталар нарығында сауда- саттық көлемі 30,3 % немесе 457,8 млрд теңгеге төмендеді. Бағалы қағаздар нарығында өсім келесі секторларда тіркелген: акциялар – 11 есе; МБҚ – 30 %; ХҚО облигациялары – 25 %.

Бағалы қағаздар нарығы, шет елдік валюталар, қаржы (репо және валюталық своп) көрсеткіштері туралы толық ақпаратпен KASE интернет- сайтында Биржаның баспасөз хабарламасымен – толығырақ мекен-жайында танысуға болады.

[2019-08-12]