Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2019 жылдың 01 тамызынан бастап Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысына енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді
/KASE, 31.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 30 шілдесіндегі шешімімен "Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысы" (Регламент) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 4 өзгертулер (өзгертулер) 2019 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді.
Өзгертулермен валюталық своп құралдары бойынша минималды лот көлемі 100 000-нан 10 000 валюта бірлігіне дейін азайтылды.
Регламенттің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланды.
[2019-07-31]