KZ
12 шілде 2025, 12:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.07.2019 15:56 #Нормативтік база

01 тамыздан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 31.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 30 шілдесіндегі шешімімен "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 6 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) 2019 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталмыш түзетулермен:

  • қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкер болып табылатын, KASE мүшелері үшін комиссиялық алымдарды алып тастау;
  • қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкердің барлық орындау мерзімдері бойынша ең үздік міндетті баға белгілеуінің минималды көлемі 100 АЕК көлемінде белгіленді;
  • қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкердің барлық орындау мерзімдері бойынша максималды спрэдтің максималды мәні 2 % мөлшерінде белгіленді;
  • қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесіне иеленген, KASE мүшесіне, KASE осы мәміленің контрагентінен алынған комиссиялық алымның сомасынан 50 % көлемінде сыйақы төлейді деп белгіленді.

2019 жылдың 01 тамызынан бастап "Фьючерстер бойынша маркет- мейкерлердің міндетті баға белгілеулері мен дисконттарының мөлшеріне қойылатын талаптар" атты KASE өз күшінен айырылды деп саналады.

Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-дайында жарияланды.

[2019-07-31]