KASE 2019 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗ-ҚЫРКҮЙЕК АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТАРЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

24.07.19 19:14
/KASE, 24.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдерін қалыптастырды. Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2019 жылдың 23 шілдесіндегі шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2019 жылдың 01 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) FinEx Physically Backed Funds Plc балама инвестициялық қор шығарған IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) сегрегирленген қосымша қорының акциялары FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF; 2) State Street Global Advisors басқаруындағы US78462F1030 (US_SPY_) биржалық индекстік қор SPDR S&P 500 ETF TRUST үлеспұл; 3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" ЖЗИҚ KZPF00000025 (CSECfe) үлеспұлдары. 2019 жылдың маусым-шілде айларына өтімділігі бірінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымның қалыптастырылған қолданыстағы тізімінен салыстырғанда тізімге "Сентрас – Глобальные рынки. Инвестициялық қорының KZPF00000033 (CSECgm) үлеспұлдары енгізілді. Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі. 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2019_june_july_mifs.pdf Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қаржы құралдарын Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарын енгізу тәртібі http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. [2019-07-24]