KZ
9 мамыр 2025, 14:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.07.2019 12:23 #Қаржы құралдары

23 шілдеден бастап "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00006013 (INBNb8) және KZ2C00006021 (INBNb9) облигациялары KASE ресми тізіміне альтернативті сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 19.07.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 17 шілдесіндегі шешімімен "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы):

  • KZ2C00006013 (100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360);
  • KZ2C00006021 (100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360)

облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді:

Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 23 шілдесінен бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға INBNb8 және INBNb9 қысқарған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді.

Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта толығырақ мекен- жайында жарияланады.

[2019-07-23]