KZ
13 шілде 2025, 12:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.07.2019 09:09 #Бағалы қағаздар

"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 11.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft Resources" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған KZ1C54620014 жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 000 дана, KZ1P54620110 артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана;
  • компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты акциялары орналастырылған;
  • компания өзінің 10 445 774 акциялары кері сатып алды;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға К.Х.Рақышев болып табылады, оның меншігінде 12 690 589 162 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,85%) соның ішінде компанияның 12 560 928 493 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 97,85%) және 129 660 669 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 33,02%) бар.

[2019-07-11]