"Қазақстан Даму Банкі" АҚ ҚДБ қаржыландыруымен Қазақстанның 400 астам ауылын Интернетке кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда
/KASE, 10.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиялары бойынша кең жолақты қол жетімділікпен (бұдан әрі – КЖҚ) қамтамасыз ету жөніндегі жобаға (бұдан әрі – Жоба) қаржыландыру ашты. Жобаның құны 16,8 млрд теңгені құрайды: ҚДБ 12 жыл мерзімге 13,3 млрд теңге сомасында қарыз берді. Қажетті инвестициялардың 3,5 млрд теңге мөлшеріндегі қалған көлемін қарыз алушы – «SilkNetCom» ЖШС қамтамасыз етеді.
Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттарында іске асырылуда. Жоба шеңберінде 2020 жылы «Транстелеком» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған магистралдық желілерінен жалпы ұзындығы 6,2 мың км талшықты- оптикалық байланыс желілерін елдің барлық өңірлеріне тарту жоспарланып отыр, бұл 421 ауылдағы мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелердің КЖҚ-ға қол жетімділігін қамтамасыз етеді (1 200 астам КЖҚ нүктесі).
цитата соңы
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында толығырақ
[2019-07-10]