"Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
09.07.19 14:43
/KASE, 09.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ ("Баспана" Ипотекалық ұйымы"
АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C60720014 жай акцияларының жалпы саны 20 413 893
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" РММ болып
табылады.
[2019-07-09]