"Қазақстан Даму Банкі" АҚ "Сарыарқа" магистралдық газ құбыры құрылысының бірінші кезеңін Еуразиялық даму банкімен бірлесе отырып, қаржыландыруды бастады

05.07.19 11:20
/KASE, 05.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстанның даму банкі" АҚ (" Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ- ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) және Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі – ЕАДБ) "Сарыарқа" магистралдық газ құбыры құрылысының (бұдан әрі – Жоба) бірінші кезеңіне қаржыландыру ашты. Тараптар тиісті келісімге ағымдағы жылғы 3 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында қол қойды. Банктер бекіткен қаржыландыру схемасына сәйкес ЕАДБ, синдикат көшбасшысы ретінде, "АстанаГаз ҚМГ" АҚ жобалау компаниясының ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ еншілес компаниясы) 102 млрд теңге мөлшеріндегі облигацияларын 10 жыл мерзімге сатып алды. 51 млрд теңге көлеміндегі ЕАДБ қаражаты және ҚДБ-дан ұқсас сомадағы қаражатты қарызға алу қаржыландыру көздері болып табылды. Осылайша, ҚДБ және ЕАДБ тарапынан Жобаны қаржыландырудың жалпы сомасы Жобаның жалпы құнының 267,3 млрд теңге болуы жағдайында 102 млрд теңгені құрады. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_050719_2.pdf [2019-07-05]