Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Bank RBK" Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 04.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C35450010 жай акцияларының жалпы саны 160 599 000 000 дана, KZ1P35450116 артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
- банктің 1 605 990 000 жай акциялары және 450 000 артықшылықты акциялары орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КСС ФИНАНС" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 1 600 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,63% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,60%) бар.
[2019-07-04]