"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
03.07.19 14:45
/KASE, 03.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ ("Проблемалық кредиттер
қоры" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C58780012 жай акцияларының жалпы саны 60 539 600
дана, KZ1P58780118 артықшылықты акциялар саны – 125 000 дана;
- компанияның барлық жай акциялары және 60 539 600 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекемесі болып
табылады.
[2019-07-03]