"Самұрық-Энерго" гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саясатын жүргізу туралы хабарлады

02.07.19 10:32
/KASE, 02.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2019 жылдың 02 шілдесіндегі хабарламасын ұсынды: цитата басы «Самұрық-Энерго» АҚ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай тиімді және өнімді саясат жүргізіп келеді. ЕҚДБ – «Самұрық- Энерго» жобасының аясында өткен жұмыс бабындағы кездесуге қатысушылар осындай қорытынды жасады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Адам ресурстарын басқару департаменті Еуропалық қайта құру және даму банкімен және оның консультанты Ergon Associates (Эргонмен) бірлесе отырып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатын қолдау туралы мәлімдемеге қол қойылған жобаны іске асырып отырғаны белгілі. Бұл құжат орнықты дамудың басты элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстануға және әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың табысты екеніне сенімділікке негізделген. Кездесу барысында «Ergon Associates» (ЕҚДБ-ның консультанты) директорының орынбасары Кирстен Ньют атап өткендей, «Самұрық-Энерго» компаниясы тең мүмкіндіктерді беру жөніндегі алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені Қазақстанның энергетика секторында енгізумен байланысты ЕҚДБ-ның жобасын іске асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ergon өкілінің айтуынша, компанияның тәжірибесі республиканың энергетика саласында жұмыс істейтін барлық ұйымдарға ұсынылатын болады. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_020719_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-07-02]