KZ
2 шілде 2025, 11:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.06.2019 10:24 #Қаржы құралдары

Биржада 17 маусымнан бастап, орындалуы 2019 жылдың желтоқсанында KASE индексінің мәніне фьючерстің сауда-саттығы ашылды

/KASE, 17.06.19/ – 2018 жылдың 17 маусымынан бастап орындалуы 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ашылды:

  • АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі;
  • KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі
  • KAZ Minerals PLC (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне;
  • "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ000A0LE0S4 (KASE ресми тізімі, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялар фьючерсіне;
  • "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C00000876 ( KASE ресми тізімі, "премиум" санаты, KCEL) жай акциялары фьючерсіне;
  • "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C00000744 (KASE ресми тізімі, бірінші "премиум" санаты, KZTO) жай акциялары фьючерсіне;

KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) _USDKZT1912, F_INKASE1912, F_GB_KZMS1912, F_HSBK1912, F_KCEL1912 және F_KZTO1912 берілген.

Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге төмендегі алғашқы теориялық бағалар белгіленді.

2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап F_USDKZT1909, F_INKASE1909, F_GB_KZMS1909, F_HSBK1909, F_KCEL1909 және F_KZTO1909 фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге саламыз, соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 13 қыркүйегі.

Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 13 желтоқсаны болып табылады.

Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі

Биржалық сауда-саттыққа қатысу туынды қажы құралдарымен KASE деривативті нарығына клирингтік қатысушылар қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланды.

Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері – толығырақ мекен-жайында жарияланады.

KASE деривативі нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі құжаттарының мәтіні толығырақ мекен -жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан.

[2019-06-17]