/ҚАЙТАЛАУ/ KASE TELEGRAM ҚОСЫМШАСЫ АРНАСЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР МЕН АҚПАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫРДЫ
/KASE, 14.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Telegram – @KASEInfoBot. қосымшасында ресми ақпараттық арнасында бағалы қағаздар нарығы туралы ақпаратпен толықтырылғаны туралы хабарлайды.
АРНА ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ енді мемлекеттік және корпоративтік нарыұта арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетіні туралы, олардың нәтижесі туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген валюталардың кросс бағамы туралы хабарлама алып отыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ арнаны қолданушы Қазақстан қор биржасында саудаланатын қаржы құралының белгілі бір бағасын беру және оның нәтижесі туралы ақпарат алу мүмкіндігін беретін қызмет қосылған.
Ақпараттық арнаға @KASEInfoBot жазылған қолданушы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық барысы туралы ыңғайлы әрі ықшам форматта жедел ақпарат алып отырады.
KASE барлық ниет білдірушілерді @KASEInfoBot. ақпараттық арнасына қосылуға шақырады.
* * *
Қазақстан қор биржасы арнасына қосылу үшін Telegram жазбасында @KASEInfoBot енгізу қажет, одан кейін "Start Bot" түймесін басады.
Қолданушылар өздерінің ескертулері мен тілектерін арнайы құылған қолдау тобында толығырақ мекен-жайында қалдыра алады.
Telegram-ды IOS үшін Appstore, Android үшін Playmarket – тен еркін көшіруге болады. Telegram ресми интернет-сайтында бағдарламаның үстелдегі нұсқасын Windows, MacOS немесе интернет-браузеріне көшіруге мүмкіндік бар.
[2019-06-14]