01 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСІНІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ БЕС АТАУЛЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
/KASE, 30.05.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2019 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE_BM* сериялы индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімге келесі облигациялары енгізілді:
1) "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі KZ2C00004562 (HCBNb5);
2) "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі KZ2C00004570 (HCBNb6);
3) "КазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00003747 (KAFIb7);
4) "КазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00004471 (KAFIb8)";
5) "Кселл" АҚ KZ2C00004208 (KCELb1).
Аталмыш облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес.
Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеуге арналған өкілеттік тізімін қайта қарастырады:
1) негізгі алаң (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағасы индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы;
2) балама алаңы (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағасы индексі және кірістілік индикаторы KASE_BAY кірістілік индикаторы.
2019 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM* сериялы индикаторларының өкілеттік тізімі 38 атаудағы облигациядан тұрады.
KASE_BA* сериялы индикаторларының тізіміне енгізу үшін балама алаңның облигациялары жоқ.
2018 жылдың 26 қаңтарынна бастап, KASE_BA* сериялы индикаторларын есептеуге арналған аталмыш индикаторлар болмағандықтан, индикаторларды есептеу тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кем дегенде төрт индикатордан тұруы тиіс.
Аталмыш тізім KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жаряланған.
Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жаряланған.
[2019-05-30]