/KASE, 30.05.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және
бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2019 жылдың 01
маусымынан бастап, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу
әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE_BM* сериялы
индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімге келесі облигациялары
енгізілді:
1) "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі KZ2C00004562
(HCBNb5);
2) "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі KZ2C00004570
(HCBNb6);
3) "КазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00003747 (KAFIb7);
4) "КазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00004471 (KAFIb8)";
5) "Кселл" АҚ KZ2C00004208 (KCELb1).
Аталмыш облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес.
Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын
есептеуге арналған өкілеттік тізімін қайта қарастырады:
1) негізгі алаң (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағасы индексі және
KASE_BMY кірістілік индикаторы;
2) балама алаңы (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағасы индексі
және кірістілік индикаторы KASE_BAY кірістілік индикаторы.
2019 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM* сериялы
индикаторларының өкілеттік тізімі 38 атаудағы облигациядан тұрады.
KASE_BA* сериялы индикаторларының тізіміне енгізу үшін балама алаңның
облигациялары жоқ.
2018 жылдың 26 қаңтарынна бастап, KASE_BA* сериялы индикаторларын
есептеуге арналған аталмыш индикаторлар болмағандықтан,
индикаторларды есептеу тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес
корпоративтік облигациялардың жалпы саны кем дегенде төрт
индикатордан тұруы тиіс.
Аталмыш тізім KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен-жайында
жаряланған.
Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында
жаряланған.
[2019-05-30]