/ҚАЙТАЛАУ/ 2019 жылдың 21 мамырында KASE "Стартап Қазақстанның экожүйесі: мемлекеттік қолдау, заңнама, жаңа қаржы құралдары" атты семинар өткізеді
14.05.19 12:35
/KASE, 14.05.19, 08.05.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржсы
(KASE) 2019 жылдың 21 мамырында "Стартап Қазақстанның экожүйесі:
мемлекеттік қолдау, заңнама, жаңа қаржы құралдары" атты іс-шарасын
өткізетіні туралы хабарлайды
Өтетін орны: Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпсалалы
кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE пресс-румы. Басталу
уақыты – алматы уақытымен 9:00.
Семинарға қатысу тегін.
іс-шара спикерлері стартап нарығының кәсіби қатысушылары болып
табылады (толығырақ іс-шара бағдарламасында).
Семинарға қатысу үшін жеке тұлғалар g.akim@kase.kz мекен-жайына тиісті
өтінімді жіберіп, 2019 жылдың 16 мамырына дейін тіркелуі тиіс. Өтінімде
қатысушының аты-жөнін, қызметі мен байланыс мәліметтерін көрсетуі тиіс.
іс-шараға қатысу мәселелері бойынша KASE жобаны дамыту қызметіне
Ғаділбек Әкімге +7 (701) 111 37 67 телефоны бойынша хабарласуға болады.
[2019-05-14]