Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2019 жылдың 29 мамырында "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
/KASE, 18.04.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 29 мамырында сағат 11:00-де өз акционерлерінің келесі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады:
- компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы;
- Директорлар кеңесі мен атқарушы директор арасында қызметін бөлісу туралы нұсқаулық туралы;
- компанияның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы;
- компанияның 2018 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы;
- компанияның таза табысын есептік қаржы жылына бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына есептелген дивиденд көлемін бекіту туралы;
- компанияға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анытау туралы;
- компанияның Диекторлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы мен өтемақы көлемі мен төлеу шарттары туралы ережесін бекіту туралы;
- акциялардың құнын анықтау әдістемесіне оларды компания ұйымдастырылмаған нарықта жаңа редакцияда баяндау арқылы сатып алған жағдайда өзгертулерді бекіту туралы.
Жиналыс өтуі туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – толығырақ жарияланған.
[2019-04-18]