KZ
9 мамыр 2025, 15:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2019 12:31 #Бағалы қағаздар

"Bank RBK" Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 03.04.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған KZ1C35450010 жай акцияларының жалпы саны 160 599 000 000 дана, KZ1P35450116 артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
  • банктің 1 605 990 000 жай акциялары және 450 000 артықшылықты акциялары орналастырылған;
  • банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КСС ФИНАНС" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 1 600 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,63% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,60%) бар.

[2019-04-03]