/KASE, 01.04.19, 27.03.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі"
(Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген
акциялардың ішінен 2019 жылдың сәуір-мамыр айларына өтімділігі
бірінші, екінші және үшінші кластарындағы инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздарының тізімдерін қалыптастырды.
Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті
2019 жылдың 26 наурызындағы шешімі негізінде бекітілді.
Төменде өтімділігі инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімі
берілген, бұл тізім 2019 жылдың 01 сәуірінен 31 мамырына дейін
қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік
көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген):
1) State Street Global Advisors SPDR S&P 500 ETF TRUST басқаруындағы
US78462F1030 (US_SPY_) биржалық индекстік қорының үлес пұлы;
2) FinEx Physically Backed Funds Plc балама инвестициялық қоры шығарған
FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF сегрегирленген қосымша қорының
IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) акциялары;
3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры"
KZPF00000025 (CSECfe) үлес пұлдары.
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының сауда-саттығы биржада
жұмыс күндері алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі.
2019 жылдың сәуір-мамыр айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші
және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық
жазылымдардың тізімдері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2019_apr_may_mifs.pdf
жарияланады.
2019 жылдың ақпан-наурыз айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші,
екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық
жазылымдардың тізімдері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2019_feb_march_mifs.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті
http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
Қаржы құралдарын Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер
бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарын
енгізу тәртібі
http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.
[2019-03-27]