"Фридом Финанс" акционерлік қоғамы Tiffany & Co. US8865471085 (US_TIF_), Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (US_XOM_) жай акциялары және Yandex N.V. NL0009805522 (NL_YNDX) А сыныпты жай акциялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты
27.03.19 14:33
/KASE, 27.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2019 жылдың 01 сәуірінен бастап "Фридом Финанс" АҚ
(Алматы) келесі бағалы қағаздары бойынша биржадағы маркет-мейкерінің
міндеттерін атқарудын босатылды:
- Tiffany & Co (АҚШ) US8865471085 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"стандарт" санаты, US_TIF_) жай акциялары;
- Exxon Mobil Corporation (АҚШ) US30231G1022 (KASE негізгі сауда-саттық
алаңы, "стандарт" санаты, US_XOM_) жай акциялары;
- Yandex N.V. (Нидерланд Корольдігі) NL0009805522 KASE негізгі сауда-
саттық алаңы, "стандарт" санаты, NL_YNDX) А сыныпты жай акциялары;
Бұл шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің осы мәртебеден өз еркімен
бас тартуы негізінде қабылданды.
[2019-03-27]