/KASE, 05.02.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасында
(KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ
KZ2С00004513 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар"
санаты, BASPb2) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген
шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2С00004513
ISIN: BASPb2
KASE сауда-саттық коды: 1 000,00
Номиналдық құны, теңге:
Шығарылым көлемі, млн теңге: 30 000 000 000
– тіркелген: 25 000 000 000
– орналастырылған: 06.12.18
Айналыста болудың басталуы: 05.12.19
Өтеудің басталу күні 06.12.19
Айналыста болу мерзімі: 12 ай
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 1 рет
Купон мөлшерлемесі жылдық 8,50 %
Купонды төлеу күні: 06.12.19
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------ -----------------------
Сауда-саттық күні: 05.02.19
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 301 күн
млн.теңге:
Лот көлемі, дана 5 000 000 000
Сауда-саттық заты: "таза емес" бағасы
Сатуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–15:00
Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–15:30
Кесім уақыты: 16:00 (Т+0)
Төлем уақыты: 05.02.19, 16:00
Өтінімдерді қагағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша,
өтінімдер қарсылама
өтінімдердің көлеміне
пропорционалды
қанағаттандырылады
Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға
тең немесе одан жоғары,
өтінімдер кесімделеді
Сауда-саттық бастамашысы "BCC Invest" АҚ–
"Банк ЦентрКредит" АҚ
ЕБ (Алматы)
Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1
Сауда-саттық жүйесі тобы Com_Bonds_ST1_Alt
------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, облигацияның (жинақталған сыйақысын қоспағанда)
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға
дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лотқа тең
немесе еселі болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде облигациялар (жинақталған мүддені ескере
отырып) санының туындысы ретінде бір облигацияның "таза емес бағасы",
өтінімде көрсетілуі тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес
есептеледі, ол
http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-
жайында жарияланған.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде
көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен
http://kase.kz/ru/bonds/show/BASPb2 мекен-жайында танысуға болады.
[2019-02-05]