FREEDOM HOLDING CORP. ЖАЗЫЛЫМ АЯСЫНДА (US_FRHC) US3563901046 493 335 ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА БІР АКЦИЯҒА 3 047,31 ТЕҢГЕДЕН 1,5 МЛРД ТЕҢГЕ СОМАҒА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

04.02.19 18:05
/KASE, 04.02.19/ – Қазақстан қор биржасы өзінің сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы 2019 жылдың 28 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити, АҚШ) US3563901046 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, US_FRHC) облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы, әрі қарай – Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 537 634 дана.жазылым қорытындысы бойынша есептеулер жүргізу үшін – 2019 жылдың 01 ақпаны. Жазылымға KASE үш мүшесі қатысты. Барлығы сауда-саттық жүйесіне 493 448 акция сатып алуға 654 өтінім келіп түсті (ұсынымнан 92 %), аяқталу сәтінде өінімдер белсенді болып табылды. Берілген өтінімдердегі берілген баға бір акцияға 2 890 теңгеден 3 333 теңгеге дейін өзгерді, белсенді өтінімдер бойынша акцияның орташа сараланған бағамы бір акцияға 3 049,10 теңгені құрады. Өтінімдер бойынша жиынтық сома 1 504 571 596,02 теңгені құрады. Сонымен 651 өтінім жеке тұлғалардан түсті (650 шот), екі өтінім брокерлік клиент шоттарынан түсті (институционалдық инвестор болып табылмайтын, өзге заңды тұлғалар). Жазылым нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 3 047,31 теңгемен белгіледі, 652 өтінім 493 335 акцияны сатып алуға (ұсынған көлемнің 92 %) қанағаттандырылды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың 489 144 акцияға 1 490 573 402,64 теңгенің (99,2 %) 650 өтінімі қанағаттандырылды. Және заңды тұлғаның 12 771 276,21 теңге сомаға (0,8 %) 4 191 акция сатып алуға екі заңды тұлға берілді. Орналастырудың жиынтық көлемі 1 503 344 678,9 теңгені құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ мәліметтері бойынша жазылым бойынша барлық мәмілелер жарияланым сәтінде аталмыш ақпараттар есптеліп, жазылым аяқталды. [2019-02-04]