"Ертіс-Полиметалл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
04.02.19 09:42
/KASE, 04.02.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Ертіс-Полиметалл" АҚ ("Ертіс-Полиметалл" АҚ, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01
қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C60280019 жай акцияларының жалпы саны 1 000 000
дана;
- компанияның 213 579 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "КАРАВАН РЕСОРСИЗ ЛТД" ЖШС болып табылады.
[2019-02-04]